Астана күні мерекесінде алғаш рет үш жерде отшашу ұйымдастырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана күні мерекесінде алғаш рет үш жерде отшашу ұйымдастырылады

Астана күні мерекесінде алғаш рет үш жерде отшашу ұйымдастырылады

6 шілдеде сағат 22.30 Астана күніне орай мерекелік отшашу ұйымдастырылады. Салютті алғаш рет қаланың үш түрлі жерінен ату жоспарланып отыр, деп жазады қала әкімдігінің ресми сайты.   

  • 2 Шiлде 2014
  • 387
Фото - Caravan.kz

Отшашудың бірінші нүктесі Есіл өзенінде, Астаналық паркке қарсы, екіншісі Хан Шатырға қарсы және үшіншісі «Қазақстан» СК-не қарсы орналаспақ.

Биыл пиротехникалық шоу бәрінің де көңілінен шығады. Оның бір ерекшелігі — судағы арнайы эффектілер. Есіл өзенімен «отты кемелер» жүзеді, гүлді гейзерлер атқылады, су үстінде Астананың символы — «Бәйтерек» бейнесі жасалады.

«Қазақстан Салют» компаниясының президенті Вадим Гостевтің айтуынша, мерекелік салют атуды ұйымдастыруға 20-ға жуық кәсіби пиротехник тартылды. Жалпы, 5 мың пиротехникалық снаряд қолданылмақ. Салюттың ұзақтығы — 5-20 минут.