16 жылдық туған күнін атап өтуге Астана қызу әзірленуде. Күн сайын жасанып түрленіп жатыр. Бас қаланың орталығында жөндеу жұмыстары да қарқын алған. Маусымның 20-нан басталып 7 шілдеге дейін бір-ақ созылатын мерекелік думандарға 20 мыңға жуық адам атсалыспақ. Ұйымдастырушылар ашық аспан астында концерттердің тегін өтетінін айтады. Жабық алаңдардағы шоу бағдарламаларға кіру құны мың мен 25 мың теңгенің аралығында. Сондықтан шенеуніктердің айтуынша, билет сатудан түскен ақша бюджеттен жұмсалған шығынды толық ақтайды екен. Артылғаны қайырымдылық ретінде науқас балалардың еміне берілмек. Ал ең басты жаңалық – Астананың туған күніне әйгілі рэпер Akоn, британдық Blue, тобы, ресейлік әншілер Лариса Долина мен Полина Гагарина секілді тағы басқа жұлдыздар қатыспақ. Ұйымдастырушылар әртістерге төленетін гонорар туралы тіс жармады.
Болат Тілепов, Астана қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы:
-Шетелдік әншілер болғанда бізге Akоn , Blue, тобы олардың барлығы райдарларына сәйкес төленеді.Келісім бойынша.
— Қанша? Бағасын айтасыз ба?
— Бағасын айта алмаймын өкінішке орай.