Гала концерт шымылдығын 80 жылдық тарихы бар Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспапатары оркестрі ашады. Жауапты концерт жақындаған сайын музыканттар дайындықтарын пысықтап, кемшіліктерімен жұмыс істеуде. Бұл жолғы фестивальге Ресейдің күміскөмей әншісі Олег Погудин, Лариса Долина, дәстүрлі Әзірбайжан мугамының коцерттері қойылады. Осылайша «Дегдар» қайырымдылық қоры мен «Джей ти ай» компаниясы ұйымдастырған 3 күндік коцертке елорда тұрғындары мен қонақтары тегін кіре алады.
Нұргүл Сүлейменова, фестивальдың атқарушы продюсері:
-Бұл жобаның ерекшелігі — әр саладығы әлеуметтік жағдайы әртүрлі жұртышылықтың басын қосып, биік өнерді халыққа жеткізу. Бұл жоба Астана қаласының жұртшылығына сыйлық.