Жарияланды: 1300

Астана күніне арналған іс-шаралар басталып кетті

Астана күніне арналған іс-шаралар басталып кетті

 

Дәл қазір Елордада Астана күніне арналған іс-шаралар басталып жатыр деп хабарлайды caravan.kz тілшісі.

Сағат 10-да «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда орналасқан «Арқайым – күннің қаласы» атты 3D интерактивті ойын-сауық қалашығы жұмысын бастауы тиіс. Дәл осы уақытта «Нұржол» бульварында суретшілердің халықаралық көрмесінің жабылу рәсімі болып, қала әкімдігі алдындағы музыка мектебі оқушыларының «Сәлем, Астана!» атты концерті өтеді.

Астана тұрғындары мен қонақтары Сулы-жасыл бульварында 4 шілдеден бері өтіп жатқан Astana Art Fest-2016 фестивалін сағат 11-ден бастап тамашалай алады. Онда «дизайн», «заманауи өнер», «сәулет», «музыка», «театр» аталымдары бойынша 300 жұмыс қойылған. Дәл осы уақытта тағы бірнеше іс-шаралар басталайын деп тұр. Мысалы, Республика даңғылында үрмелі аспаптар оркестрлерінің «Астана Самалы» атты шеруі болады. Олар Әскери-тарихи мұражайдан «Жастар» сарайына дейін жүріп өтпек. Бұл – 4 шілдеде ашылған үлмелі аспапатар оркестрлерінің қорытынды кезеңі. Сондай-ақ, сағат 11-де бірнеше тұрғынүй аумақтарында «Астана-шаттық» атты автокеруен жүреді. Осы уақытта түрлі фестивальдерді тамашалауға болады.

Сғат 12-де Студенттер саябағында  «Биле, Астана» хореографиялық фестивалі, 13-те қала алыңында кулинариялық фестивалі, ал 14-те «Жастар» сарайында караокеден «Бәріміз ән салайық!» атты қалалық чемпионат, 15-те Конгресс-холлда Ақындар айтысы өтеді.

Сондай-ақ, бүгін – «Қар патшасы» мұздағы шоуының қорытынды күні. «Қазақстан» спорт сарайында өтетін шараға Евгений Плющенко, Ирина Слуцкая, Бриан Жубер, Томаш Вернер, Фиона Залдуа, Дмитрий Суханов және басқалар қатысады. Шоу сағат 16-да және 20-да өтуі тиіс.

Сағат 19-да «Алау» мұз сарайында қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт, ал қала алаңында көше биінен «International street dance session in Astana» атты фестиваль басталады. Сондай-ақ, сағат 20-да Астананың төрт бірдей саябағында тағы да қазақ эстрада жұлдыздарының «Қайырлы кеш, Астана» атты концерті болады.

Мерекелік шаралар сағат 23-те аяқталады. Сол кезде қалада отшашулар атқылай бастайды.    

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін