Astana LRT ісі бойынша сот үкімінің күші жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Astana LRT ісі бойынша сот үкімінің күші жойылды

Astana LRT ісі бойынша сот үкімінің күші жойылды

Сот алқасы елордада Astana LRT жобасын іске асыру кезінде қаржы жымқыру дерегі бойынша айыпталушыларға қатысты үкімді жойып, заң бұзушылықтарды жою үшін істі прокурорға қайтарды. 

  • 7 Қазан 2021
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Абай Көкжалов Нұр-Сұлтан қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы судьясының шешімін оқыды.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2021 жылғы 28 мамырдағы Рашид Аманжолов, Жанат Нұрпейісов, Талғат Әшім, Ұлықбек Ачилов, Тимур Қасабаев, Дулат Мусенов, Дәурен Әбдіхамитовке қатысты үкімінің күші жойылды. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының басты сот талқылауына кедергі келтіретін елеулі бұзушылықтары мен нормаларын жою үшін қылмыстық іс Нұр-Сұлтан қаласының прокурорына қайтарылды, — деді ол. 

Айыпталушыларды «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалды.


Соңғы жаңалықтар