Астана LRT ісі бойынша сотталғандар аштық жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана LRT ісі бойынша сотталғандар аштық жариялады

Астана LRT ісі бойынша сотталғандар аштық жариялады

2021 жылдың мамыр айында аталған іс бойынша үкім жарияланды. Енді материалдар апелляциялық сатыдағы сотта қаралу керек.

  • 27 Қыркүйек 2021
  • 34
Фото - Caravan.kz

Сотталушылардың бірінің адвокаты Жазира Жаншуақовның айтуынша, жанжалды іс бойынша сотталғандар апелляциялық сатыда қарау кезінде өздерін қатыстыруды талап етіп, аштық жариялады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Sputnik Казахстан»-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Жаншуақованың қорғауындағы  Ұлықбек Ачилов жексенбі күні аштық жариялады. Бұл туралы Ұлықбек елордалық ЕЦ 166/1 мекемесінің бастығына, Бас прокуратураға, сондай-ақ апелляциялық сотқа хабарлама жіберді.

Ачилов апелляциялық сатыдағы соттың онлайн-трансляциясына қосуды, өз ойын ашық айтуға және сотқа қатысуға мүмкіндік беруді талап етеді. Естеріңізге сала кетейік, Ачилов бұрын "Нұртрейд" ЖШС ("Астана LRT" қосалқы мердігері) директоры болып қызмет атқарған. Бас бостандығынан сегіз жылға айырылды.


Ачиловтан басқа, сегіз жылға бас бостандығынан айырылған мердігердің өкілі Тимур Қасабаев, Astana Innovations басқармасының экс -төрағасы Талғат Әшім (жеті жылға бас бостандығынан айыруға сотталған) аштық жариялады.

Соңғы жаңалықтар