"Астана LRT" құрылысы аяқталады - банктің бірі жобаны қаржыландыруға келісті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Астана LRT" құрылысы аяқталады - банктің бірі жобаны қаржыландыруға келісті

"Астана LRT" құрылысы аяқталады - банктің бірі жобаны қаржыландыруға келісті

Ел арасында "жемқорлыққа қойылған ескерткіш" деп аталып кеткен бетон конструкциялар қаланың көркін кетіріп тұрғаны рас, дейді Көлгінов.

  • 15 Қазан 2021
  • 45
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов "Астана LRT" жобасы аяқталып, жеңіл рельсті көлік іске қосылады деген сенімде. Бұл туралы ол қалалық мәслихат депутаттарымен кездесу кезінде айтты.

"Қаржыландыру – басты мәселе. "Астана LRT" жобасы үлкен қаржыны талап етеді. Ел арасында "жемқорлыққа қойылған ескерткіш" деп аталып кеткен бетон конструкциялар қаланың көркін кетіріп тұрғаны рас. Бір жылдан бері банктермен жұмыс істеп жатырмыз. Екінші деңгейлі банктердің барлығы оған қаржы салуға келе қоймасы және оған екінің бірінің қаржысы жетпейтіні анық. Сондықтан біз байқау жарияладық. Қазір банктердің бірі келісімін берді. Тиісті келісімшартқа қол қойылғаннан кейін бұл туралы қосымша жариялайтын боламыз", — деді Көлгінов.

Әзірге қай банктің келісім бергені белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, "Астана LRT" жобасын аяқтау үшін 1,5 миллиард доллар қажет.


Соңғы жаңалықтар