ТЖМ мәліметінше, 4 маусымда 15 сағат 15 минутта Астана қаласында, өндірістік аймақта су құбыры жарылды. Соның салдарынан Кірпішті ауылының тұрғындары судан ажыратылды.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиғаның залал-зардабын жоюға в «АстанаСуАрнасы» ҚКК-ның 12 адам мен 6 арнаулы техникасынан құралған апаттық топ жұмылдырылды. 23.00 сағататғы жағдаймен апаттан қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті