«Әңгіме Орта Азия елдерінің Одағын құру жайында болды. Біз бұл мақсатқа саты-сатымен баруымыз керек», — деді Н. Назарбаев.
«Біз осы мәселе бойынша 2009 жылы арнайы халықаралық форум өткізуге уағдаластық», — деп толықтырды ол.
«Қырғызстан Қазақстанның осы бастамасын қолдайды. Бұдан Орта Азияның барлық елдері де ұтады. Менің бұған күмәнім жоқ», — деді Қырғызстан президенті Қ. Бакиев.
«Орта Азияның бес мемлекеті экономикалық даму және жалпы даму векторы бойынша әрқилы. Бірақ мен бұл елдердің экономикалық одағы жайында айтып отырмын. Өңір өзін-өзі газбен, мұнаймен, көмірмен қамтамасыз ету үшін жеткілікті энергия ресурсына ие», — деді Қазақстан президенті.
«Қарапайым адамдарға еркін жүріп тұрып, қажет болған жерде жұмыс істеу үшін шекаралар ашылады. Капитал еркін айналады. Үлкен мүмкіндіктер ашылады», — деп есептейді Н. Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті