Жарияланды: 450

Астана мен Париж арасына қатынайтын тікелей рейс ашылады

Астана мен Париж арасына қатынайтын тікелей рейс ашылады

Қазақстан мен Франция екі ел астаналары арасына қатынайтын тікелей әуе рейсін ашу туралы хаттамаға қол қойды.

Бұл туралы еліміздің Көлік және коммуникация министрлігі хабарлады. Баспасөз қызметінің хабарлауынга, құжатқа дүйсенбі күні премьер-министр Кәрім Мәсімовтің Францияға сапары барысында қол қойылған. «Құжатқа қол қойылды. Енді екі елдің орталықтары - Париж бен Астана қаласы арасына қатынайтын тұрақты әуе рейсін ашуға құқықтық негіз қаланды», - делінген хабарламада.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін