Астана мен Париж арасында тікелей әуе рейсі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана мен Париж арасында тікелей әуе рейсі  ашылды

Астана мен Париж арасында тікелей әуе рейсі ашылды

Астана мен Париждің арасы жақындай түсті. Елімізде тұңғыш рет Еуропадағы ең ірі қалаға Елорда арқылы қатынайтын «Алматы-Париж» бағытындағы жаңа рейс ашылды. Енді қазақстандық туристер сырт айналмай Парижге 7 сағат ішінде тікелей жете алады. Ал, жолаушыларды «Эйр Астана» ұшағы тасымалдамақ.

  • 2 Сәуiр 2015
  • 224
Фото - Caravan.kz

Эйфель мұнарасы, дүние жүзіне танымал тарихи-ескерткіштер мен көне ғимараттар шоғырланған шаһар, Францияның ғана емес, әлемдегі сән мен сұлулықтың астанасы саналатын Парижге тіке алып баратын рейс  бұрын-соңды елімізде болмаған. Бұл – Қазақстаннан Еуропадағы ең ірі қалаға қатынайтын алғашқы бағыт. Енді әр сәрсенбі, жұма, жексенбі сайын «Эйр Астана» әуе компаниясына тиесілі ұшақ Елорда арқылы тұрақты қатынайды.

Рәділбек Әділмолда, Астана әуежайы басшысының орынбасары:

-Парижді білесіздер, дүниежүзілік үлкен туристік орталық.  Бұған дейін Франкфурт, Киев, Минскі арқылы ұшатын. Енді Астана арқылы қатынайды.. Өте қуанып отырмыз, біздің әуежайды   таңдағанына.

Қазақстандық туристерді Парижге жеткізетін мына Бойнг-757 ұшағы. Әуе кемесінде жолаушыға бар жағдай жасалған. Әсіресе тамақ, орын мен қызмет көрсетуге ерекше көңіл бөлінген. Билеттер бизнес, эконом класқа бөлінеді. Барлығы 166 орын. Ерекшелігі — бұл ұшақта эконом класқа арналған  жатын орындар да қарастырылыпты.

-Мұнда бір адам жатады, яғни үш креслоға жалғыз орналасады.

Жалпы, екі ел арасындағы бұл рейсті іске қосу үшін тараптар жылдар бойы ұзақ келісімдер жүргізіпті. Жаңа бағыт арқылы барыс-келіс те еселенеді деген үміт бар. Ал, әзірге елімізден Парижге қатынайтын туристердің саны 5 мыңға жуық екен.

Питер Фостер, «Air Astana» әуе компаниясының президенті:

-Парижге жаңа рейс «Эйр Астананың» еуропалық желісін дамытуға үлкен мүмкіндік. Және Франция мен Қазақстан арасындағы  экономикалық, мәдени, туристік қатынастарды нығайтуға септігін тигізеді деп есептейміз.

Билет бағасына келсек, Алматыда 107 мың, ал Астана арқылы 101 мың теңге. «Эйр Астана» дәл осы бағытта жылына 20 мыңнан астам адамды тасымалдау жоспарлап отыр. Тек  Алматы-Париж емес, жуырда Тбилиси, Сеулге де жаңа рейс ашылмақ.