Астана мен Қазан авиациялық хаб атануы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана мен Қазан авиациялық хаб атануы мүмкін

Астана мен Қазан авиациялық хаб атануы мүмкін

Еуразиялық экономикалық одақтың транспорттық саясатына сәйкес, болашақта Астана мен Қазан жаңа авиациялық хаб атануы мүмкін.

  • 22 Мамыр 2014
  • 571
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқасы мүшесі Даниал Ахметов мәлім етті.

«Біртұтас экономикалық кеңістікте транспорт-логистика орталығы, әуежайлары, хабтары, оларды жүрдек автокөлік және темір жол магистральдарымен байланыстыратын орталықтары бар мультимодальды транспорт жүйесі болады», — деді ол бейсенбі күні Астанада халықаралық «ТрансЕвразия-2014» конференциясында.

«Атап айтсақ, Минск-Мәскеу-Астана-Алматы бағытына салынатын жылдамдығы жоғары жаңа темір жол желісі авиациялық тасымал хабтарының жаңа желісін құруға мүмкіндік береді. Мәселен, Қазан мен Астана халықаралық транзиттік қатынастарды қамтамасыз ететін авиациялық хабқа айналуы мүмкін», — деді министр.

«Қазандағы хабтың қызметін Ресейдің орталық бөлігінің тұрғындары пайдалана алады. Ал, Астана – Қазақстан, Оңтүстік Орал және Батыс сібірдің жолаушы тасымалдау проблемасын бір мезетте шешіп беретін тамаша тасымал торабы», — деп қосты Д.Ахметов.