Жарияланды: 290

«Астана Опера» балетінің солистері АҚШ-тағы халықаралық байқауда топ жарды

«Астана Опера» балетінің солистері АҚШ-тағы халықаралық байқауда топ жарды

Валентина Козлованың халықаралық балет әртістері, VKIBC (Нью-Йорк, АҚШ) конкурсында «Астана Опера» театрының әртістері қос жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі. 

«Астана Опера» балетінің жетекші солисі Бахтияр Адамжан «Классикалық би» аталымында осы конкурстың жүзеге асу тарихындағы тұңғыш Бас жүлде иегері атанды. Ал екінші қазақстандық әнші Серік Нақыспеков мәртебелі үшінші орынға ие болды.

Конкурс 5-10 маусым күндері өткізілді. Мәртебелі әділқазылардың құрметті өкілдері -танымал балетмейстер Микко Ниссинен (Финляндия), төрағасы - әлемдік балет жұлдызы, Ресейдің Халық әртісі Андрис Лиепа.

«Бұл Корея, Жапония, АҚШ, Бразилия, Франция, Канададан келген мықты бәсекелес - әртістердің арасындағы өте күрделі байқау болды. Мен төрт вариация мен қазіргі заманғы бір нөмір ұсындым. Ақтық сынғы өнер көрсетуді «Эсмеральда» балетінен «Диана және Актеон» вариациясымен аяқтадым. Керемет қолдау үшін біздің елімізге, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорына, Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігіне алғысымды білдіремін. Шетелде өнерімізді көрсету мүмкіндігіне ие болу арқылы біз Елбасы алдымызға қойған міндеттерді - әлемдік кеңістікте қазіргі заманғы қазақстандық мәдениетті алға тарту бойынша мақсатты жүзеге асыра аламыз», - деді «Астана Опера» театрының жетекші солисі Б. Адамжан. Конкурс аяқталысымен әртіске қызықты ұсыныстар, соның ішінде мәртебелі әлемдік сахналардағы Гала-концерттерге қатысу үшін шақыртулар келіп түскенін атап өткен жөн.

Оның әріптесі - Серік Нақыспеков осы байқауда әділқазылардың жоғары бағасына ие болған өзіндік қойылымдағы қазіргі заманғы нөмірін ұсынды.

«Бірінші тур алдында қобалжу болды, бірақ сахнаға шыққан кезде бірден ғайып болды. Нью-Йоркте бірнеше рет болдым, бұл зор мүмкіндіктер қаласы, бірақ осы жерде бола тұра Астанамды, туған театрымды сағындым. Қазіргі заманғы нөмірден бөлек, «Сильфида» балетінен Джеймс вариациясын, «Корсар» балетінің вариациясын ұсындым, «Талисман» балетінің вариациясын алғаш рет биледім - деп әсерімен бөлісті С. Нақыспеков. 


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін