Астана Опера театрынан жарылғыш затты іздеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана Опера театрынан жарылғыш затты іздеді

Астана Опера театрынан жарылғыш затты іздеді

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті сәрсенбі күні "Астана Опера" театрынан адамдарды шұғыл эвакуациялауға қатысты түсініктеме берді.

  • 29 Желтоқсан 2021
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияға театрдың қауіпсіздік қызметінен сағат 11.25-те қоңырау түскен. Ғимаратта 30 жастағы ер адамның сөмкесінен күдікті зат табылғаны хабарланған.

"Оқиға орнына арнайы қызмет аттанды. Театрдағы адамдар эвакуацияланды. Жарылғыш зат табылмады. Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр", — деп толықтырды ведомство.

Бұған дейін елордадағы "Астана Опера" театрының ғимаратынан адамдарды шұғыл сыртқа шығарып жатқаны туралы хабарланған болатын – онда "Щелкунчик" балалар спектаклі өтуге тиіс еді.


Театрдағылар көрермендер мен театр қызметкерлерінің барлығы ғимараттан эвакуацияланғанын хабарлады.

"Біз балаларға арналған "Щелкунчик" балетіне келдік. Спектакль басталардан жарты сағат бұрын ғимараттан шұғыл шығу керектігін хабарлады. Олар бұл оқу-жаттығу емес екенін айтты. Мұндағы көрермендердің барлығы дерлік әйелдер мен балалар. Дереу сырт киімді алып, сыртқа шығып, балалармен бірге далада тұрмыз", — деді Sputnik Қазақстанға оқиға куәгерлерінің бірі.

Ата-аналардың айтуынша, эвакуацияланған балалар жақын маңдағы медициналық орталыққа орналастырылған. 

Соңғы жаңалықтар