Жарияланды: 1400

Астана орталығының төбесі жабылуы мүмкін

Астана орталығының төбесі жабылуы мүмкін Сурет - vk.com/nazarbaev_01

ҚР Президенті мен БАӘ инвесторларының кездесуінде Астанадағы «Нұржол» сулы-жасыл бульварын шатырмен жабу туралы ұсыныс айтылды. Архитекторлардың айтуынша, шатыр ауа-райының қолайсы кезінде де бульварда жайлы атмосфера қалыптастырады. Бірақ әкімдіктегілер әзірге бұл жай ғана жоба екенін, сондықтан оны іске асыру туралы әңгіме қозғаудың әлі ерте екенін айтты.

Архитекторлардың ойынша, бульвар қыстың суығында аталған шатырдың арқасында жаздағыдай жайма-шуақ ауа райын сақтамақ, деп хабарлайды Tengrinews.kz

Ал жаз кезінде шатыр ашылады.

Ірі жобаның екінші қабатында сауда-сауық орындары салынып, 6 мың көлік сиятын тұрақ болады.

Ал Astana sport city құрылысы «Астана Арена» стадионы,»Барыс-Арена», «Алау» нысандары мен «Сарыарка» велотрегін біріктірмек.

Calatrava компаниясының бұл жобасы тек бас архитектор ретінде ғана емес, сонымен қатар бас инвестор ретінде ат салыспақшы. Жобаға керек қаржы IPO әдісі арқылы тартылады. Нәтижесінде бюджеттен бір тиын да жұмсалмайды деп жоспарлануда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін