«Астана» өз алаңында «Аик» командасымен тең түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана» өз алаңында «Аик» командасымен тең түсті

«Астана» өз алаңында «Аик» командасымен тең түсті

Футболдан Еуропа Лигасының үшінші іріктеу раунды аясында «Астана» өз алаңында швецияның «АИК» клубын қабылдаған болатын. Алғашқы минуттардан қонақтар шабуылда ширақ ойнаған.

  • 2 Тамыз 2014
  • 216
Фото - Caravan.kz

Тіпті кездесудің не бары 9-шы минутында швециялықтар есеп ашып кетті. Қапталдан пас алаған Набиль Бауи ортаға қарай ойысып Ненад Эрич қақпасын дәл көздеді. Алаң қожайындары мұндайды күтпесе керек. Осыдан кейін «Астана» футболшылдары қарсы қақпаны алыстан да жақыннан да нысанаға алып көрген. Сондай кезекті шабуылдардың бірінде Станимир Стойлов шәкірттері таразы басын теңестірді. Фокси Кетевуаманың әуелеткен добына бірінші жеткен Наңат Нөсербаев. Қалған уақытта Кетевуама қақпашымен бірге-бір шығып гол соғатын мүмкіндігі болды. Бірақ қақпашы өз орнынан табыла білді. Қортынды есеп 1:1. Енді қарымта матч 7-ші тамызда Стокгольмде өтеді.      

 

«Астана» футболшылары тең тарқасса, Қарағандыда жергілікті «Шахтер» Хорватияның  «Хайдук» командасын 4:2 есебімен ойсыратты.

Былтыр Еуропа Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен кеншілер биыл да сол нәтижені қайталауға жақын. Алғашқы он минуттықта қонақтар допқа көп иелік етті. Десе де «Шахтердың» бірінші шабуылы голға ұласты. Айып алаңда пас алған Михрет Топчагич допты қақпада тулатты. Жергілікті жакүйерлердің қуанышы көпке созылған жоқ. Арада 9 минут өткенде Сандро Готаль есепті теңестірді. «Шахтер» футболшылары да қарап қалған жоқ. Кезекті шабуылда Андрей Финонченко өз командасын алға шығарды. Үзілістен кейін тағы да сол Финонченко нәтижелі пас шығарды. Бұрыштамадан кейін Алдин Джидич есепті 3:1 ге жеткізді. Көп ұзамай төреші «Шахтер» қақпасына пенальти белгіледі. Қонақтар 11метрлікті мүлтіксіз орындап, есеп айырмасын қысқартты. Ал матчтың соңғы минутында Тоқтар Жаңлышбай «Хайдук» қақпасына бір гол тоғытып, қортынды есепті орнатты.          

 


Алматыда бокстан Федерация Кубогы жалауын көтерді. Осымен 5-ші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған бәсекеге еліміздің барлық аймағының үздік боксшылары қатысуда.

Биыл бірінші рет әр облыс өз қарсыластарын жеребе тарту арқылы анықтады. Нәтижесінде А- тобына: Алматы қаласы, Павлодар облысы және Маңғыстаулық былағы қолғап шеберлері өнер көрсететін болды. Өкінішке орай Шығыс Қазақстандық спортшылар қаржылық тапшылыққа байланысты Алматыға ат басын бұра алмапты. Республикалық спорт колледжінің шаршы алаңына бірінші болып Алматы мен Павлодарлық боксшылар көтерілді. Бірінші жекпе-жекте жеңіл салмақтағы Бағдат Толыбаев Алматы құрамасына алғашқы жеңіс сыйлады. Жалпы боксшылар 10 салмақта жұдырықтасады. Жүлде қоры да жаман емес. 25 миллион теңге. Әр топтан үздік шыққан командалар желтоқсанның 14-15 аралығында  Астанада өтетін финалға жолдама алады.