Астана полициясы дәріхана кассасынан ақша ұрлап кеткен жігітті ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана полициясы дәріхана кассасынан ақша ұрлап кеткен жігітті ұстады

Астана полициясы дәріхана кассасынан ақша ұрлап кеткен жігітті ұстады

Абылай хан даңғылындағы дәріханалардың біріндегі кассадан жас жігіт қорқытып-үркіту арқылы ақша ұрлап кеткен.

  • 23 Шiлде 2018
  • 24
Фото - Caravan.kz

Астана полициясы дәріхана кассасынан ақша ұрлап кеткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Today.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Абылай хан даңғылындағы дәріханалардың біріндегі кассадан жас жігіт қорқытып-үркіту арқылы ақша ұрлап кеткен. Күдікті тұтқындалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр, оның барысында қалада тіркелген басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады", – деді ІІД. 

Полиция күдіктінің әрекетінен зардап шеккендер болса, "Алматы" ауданы ішкі істер басқармасына (Жансүгіров көшесі, 2) келе алатынын немесе 8 71 72 71 67 08 әлде 102 нөмірлеріне хабарласса болатынын айтты.


Соңғы жаңалықтар