Астана қаласына арналған өлеңдер, тақпақтар - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана  қаласына арналған өлеңдер, тақпақтар

Астана қаласына арналған өлеңдер, тақпақтар

Сaravan.kz медиа порталы Астана қаласына арналған құттықтау, тілектер, өлеңдер, тақпақтар топтамасын ұсынады. 

  • 28 Маусым 2023
  • 32012
Фото - Caravan.kz

Киелі менің Елордам,

Арудай сұлу таранған.

Береке-бірлік, достықтың

Тұнығынан нәр алған.

 

Күн болып қарайды,

Шуақ боп тарайды.

Әлемге нұр шашқан,

Астанам арайлы.

 

Ақ таңмен тыныстап,

Мүлгиді күміс бақ.

Тыныштық тұтқасын

Елбасым тұр ұстап.

 

Астана – Отаным, туған жерім,

Өркендей бер, алға қарай ұмтылып.

Мәрмәрдан қаланған,

Сан срай, сан арман,

Елбасы тілегі, елімнің жүрегі, Астана!

****************************

Алтынай Жорабаева "Елімнің жүрегі — Астана"

*********************************

Ел ордам менің – Астана,

Осында жаңа бастама

Сәулетті зәулім үйлер көп,

Көрікті сондай жас қала.

 

Астанама қарашы,

Елімнің жас қаласы.

Неткен ұлы, неткен кең,

Қазағымның даласы!

 

Ардақталды Астанам,

Мәртебелі бас қалам.

Көркейе бер күн сайын,

Алға қарай, бас қадам.

***************************

Қанат- Света Айтбаевтар "Астана"

*******************************

Астана 
Жер емес шығар аяғын адам баспаған 
деуші едім қайтем, менсіз де жазар басқа адам 
Аттанар кезде Алматы жаққа сен бүгін, 
Жаныма толы жыр артып бердің Астанам. 
 
Болар ма артық арналса саған әр күй, ән 
Ұрпаққа үлгі жан ұям, менің сән ұям. 
Ығымен емес тігімен өрлер  ғасырға, 
Арнасы сырлы, Арыны жырлы Дариям. 
 
Безбендеп бағып Батыс пен Шыңыс шамасын, 
Теріскей тұстан тепсінге, желден Панасың. 
Елімнің Мысыр шаһары қып қаққан қазығын 
Қазақтың ұлын демеймін қалай Дара —   Шың. 
 
Дәнекер қылса алты әлем құрлық арасын, 
Демеймін қалай қазақтың ұлын Дана-Шын! 
Өзгеге сені Өнеге етпей қайтейін, 
Өмір мен өлең өзіңнен тапса Жарасым! 
 
Киелі  жол ғой жұмаққа барар жырақтық, 
Сонда да саған басылар емес бір аптық. 
Ел кезіп сірә, есі бар пенде несі бар – 
Ерлері жерін жатса егер мұндай жұмақ қып. 
 
Ерлері жерін жұмақ қып жатса жыр тұнған, 
Мың қосшы жанға қашанда қажет бір Сұлтан. 
Даламда шаңырақ көтерсе әлі мың қала, 
Астанам, сенің биіктей түсер нұр-тұлғаң. 
 
Неге де керек күңкіл сөз, сылтау, нелер сын, 
Қамқорың Алла, қанатыңнан халқың демесін, 
Әлі сен талай Есілдей ерке күй шертіп 
Сын туса сырттан, Абылайдай айбат шегесің. 
 
Жанарға тұнып, жиналып бүкіл нұр біткен, 
Даналық пенен Даралықты мұндай кім күткен. 
Өзегімді жарып, Өнерім сөйлеп бергенде, 
Сәулетің менен Келбетіңе де тіл біткен. 
 
Тектіге тән қып Тақылеті мен Тәрізін, 
Жазамын саған жарқын бір сәттің әр ізін. 
Бет алып күнге бой түзей берші Гүл-қалам, 
Ақ бұлттардан сипап мәрмәр сынды қауызын. 

******************************

Ей, Астана! 
Сен деген туған елдің жүрегісің, 
Өзінен бастау алар өрелі ісім. 
Шаһарлар толып жатыр, 
                                          бірақ та сен, 
Бәрінен бірегейі, бөлегісің. 
 
Астанам – асқарымдай көрінесің, 
Өлең боп көкірегімнен өрілесің, 
Бойыма рух беріп тұрғаннан соң, 
Анық-ау ұтылмасым, жеңілмесім 
 
Домалап қазағымның өрге тасы, 
Думанмен дүрілдесін аспан асты. 
Биіктеп Бәйтеректей, зәулімденіп, 
Асқақтай бер, елімнің Астанасы! 
 Нұрперзент Домбай 

***********************************

 


Елорда 
Киелі менің Елордам, 
Арудай сұлу таранған. 
Береке-бірлік, достықтың 
Тұнығынан нәр алған. 
 
Жайнай бер, жаңа Астанам, 
Ертегідей ғажап бас қалам. 
Ынтымақтың тербеп бесігін, 
Тәуелсіз ел көшін бастаған. 
 
Сәулеңді шаш еліңе, 
Нұрыңды төк жеріңе. 
Киелі менің Елордам, 
Бақ болып қонған төріме. 

***********************************
Астана – арман қала 
Сарыарқа төсінде, 
Сән беріп Есілге. 
Жас қала – Бас қала, 
Астана өсуде. 
 
Күн болып қарайды, 
Шуақ боп тарайды. 
Әлемге нұр шашқан, 
Астанам арайлы. 
 
Туғандай қиялдан, 
Үйлері бір арман. 
Аспандап барады, 
Аяулы ұлы ордам. 
 
Ақ таңмен тыныстап, 
Мүлгиді күміс бақ. 
Тыныштық тұтқасын, 
Елбасым тұр ұстап. 
 
Мәрмәрдан қаланған, 
Сан сарай, сан арман. 
Жауһардай жарқырап, 
Жас қала жаңарған. 
 
Елбасы тілегі, 
Елімнің жүрегі. 
Жасанған елорда, 
Туған жер тірегі, 
 
Даламның кеңдігі, 
Тауымның ерлігі. 
Елордам тұр сенде, 
Елбасым ерлігі. 
 
Елордам қуатты, 
Шырайлы, шуақты. 
Шұғыла шаша бер, 
Алтын күн сияқты. 
 
Астана ақ қала, 
Ақ мәрмәр пәк қала. 
Шарықтап, қарыштап, 
Шалқи бер, шаттана. 
Махмұтбай Әміреұлы 

********************************

Асыл далам 
Бәрінен де ар құнды, 
Өр биікке көтере бер халқыңды: 
Сен болмасаң кім таниды затымды, 
Елдігімді, атағым мен даңқымды. 
 
Атырам деп бейбіт сенің таңыңды, 
Ата-бабам қанға қанша шомылды. 
Зиялылар, мәрт ұлдарын сен үшін, 
Құрбан қылды жастық жылын жалынды. 
 
Дәл осылай тауысқанда тағатты, 
Төсінде бұл тәуелсіздік таңы атты. 
Әлем жұрты мойындады өзіңді, 
Мойындады ел екен деп қазақты. 
 
Құс қанаты, тұлпар белі талғанда, 
Қолың жетті сан ғасырғы арманға. 
Енді, міне, адымымен алыптың, 
Келесің сен өрлеп бүгін заңғарға. 
 
Жайна, жасан, құлпыра бер, далам-ау, 
Соны көріп, таң-тамаша қалам-ау! 
Мүмкін емес сондықтан да өзіңді 
Азияның барысына баламау! 
 
Кеткен есең түгенделіп басқаға: 
Ақмолаға салдың жаңа астана, 
Сәулеті мен салтанатын бүгінде 
Үлгі қылып жатқа және досқа да. 
 
Қалай содан ортаяды көңілің, 
Ән мен күймен өрнектелсе өңірің. 
Барша ұлттың, бар халқыңның достығы – 
Бірлігіңді сақтап тұрған ТӘҢІРІҢ! 
 
Сондағы пейіліңе қайранмын, 
Шын досысың жаз құшағын жайғанның. 
Көк байрағы – көкшіл мөлдір аспаның, 
Кеңдігің мен елдігіңнен айналдым! 
 
Далам менің! 
Кеше бодан ел едің, 
Азаттықтың жайдың енді желегін. 
Бар әлемнің тыныштығын көксеген, 
Мен өзіңнің ертеңіңе сенемін! 
Аманкелді Жұмабек. 

Соңғы жаңалықтар