Астана қаласында 8 млн. теңгенің мүлкі заңдастырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана қаласында 8 млн. теңгенің мүлкі заңдастырылды

Астана қаласында 8 млн. теңгенің мүлкі заңдастырылды

2015 жылдың 27 сәуіріндегі жағдай бойынша Астана қаласында құны 8 699 676 теңгені құрайтын 1763 нысан заңдастырылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің сайтында хабарлады.

  • 28 Сәуiр 2015
  • 430
Фото - Caravan.kz

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2015 жылдың 27 сәуіріне дейін ҚР территориясында тұрған мүлікті заңдастыруға жергілікті атқару органдарына құны 33 129 712 мың теңгеге бағаланған 1978 өтініш келіп түскен:

—  Құны 16 279 712 мың теңгені құрайтын 2 539 тұрғын үй нысаны;

—  Құны 16 392 025 мың теңге болатын 2 833 тұрғын үй емес нысан, сонымен қатар, 12 282 668 мың теңгенің 317 коммерциялық нысаны.

—  457 949 мың теңгені құрайтын 5 заңды тұлғаның үлесі.

Астана қаласында құны 8 699 676 теңгені құрайтын 1763 нысан заңдастырылды.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасынан бөлек шет мемлекеттердегі мүліктерді жария етуге бір де бір өтініш түспеді.

Еске салайық, мүлікті (ақшадан басқа) заңдастыруға ұсыну үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 2015 жылғы 30 қарашаға дейін жалғасады.


Мүлікті заңдастыру бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген не алынған табыстарды жасыру мақсатында заңдастыру субъектісінің табыстарына сатып алынған мүліктің иесімен шығатын тұлғаға тиісті емес ресімделген және табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымдардан шығарылған мүлікке мемлекеттің құқығы бар деп танылатын үрдіс.