«Прокурорлық тексеріс барысында «Евро-3» экологиялық стандартының талаптарына тек «Ман» және «Скания» маркасындағы автобустар ғана сай келетіндігі анықталды. Ал қалғандары (олар шамамен 900) бұл стандартқа жауап бермейді», — деді Д. Қаржаспаев.
Оның айтуынша, жаңа «Хюндай Аэро Сити» автобустары Еуропада 1980-жылдары қолданыста болған автокөлік құралдарының негізінде жасалған.
Сонымен қатар, Астана қалалық прокуратурасының басқарма бастығы Елордада экологиялық таза көліктердің дамымай отырғанына назар аударды. «Астанада бар болғаны екі троллейбус бағыты жұмыс істейді. Онда 26 көлік пайдаланылады. Бұл сұйық жанармай пайдаланатын көліктер санының 2,5 пайызын ғана құрайды», — деп атап көрсетті ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті