Астана қаласында үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде жол-көлік оқиғаларынан 85 адам қаза тапқан - Астана қалалық ІІД - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана қаласында үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде жол-көлік оқиғаларынан 85 адам қаза тапқан - Астана қалалық  ІІД

Астана қаласында үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде жол-көлік оқиғаларынан 85 адам қаза тапқан - Астана қалалық ІІД

Астана. 11-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астана қаласында үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде жол-көлік оқиғаларынан 85 адам қаза тапты. Бұл жөнінде бүгін баспасөз мәслихатында Астана қалалық Ішкі істер департаментінің жол полициясы басқармасының басшысы Орынбасар Қосанов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 11 Қазан 2007
  • 538
Фото - Caravan.kz

«Ағымдағы жылдың 9 айында Астана жолдарында 380 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Олардан 85 адам қаза тауып, 459 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған» , — деді О. Қосанов.

Оның мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандардың саны өткен жылдың осындай мезгілімен салыстырғанда 7,84 пайызға азайған. Ал жарақат алғандардың саны бойынша 28,14 пайыз төмендеу тіркеліп отыр.

«Жол-көлік оқиғаларының кең таралған себептерінің бірі жолдарда жылдамдық белгіленген режимін бұзу, жолдың қарсы бетіне шығу, белгіленбеген орында жолды кесіп өту болып табылады», — деді Ішкі істер департаментінің жол полициясы басқармасының басшысы.

О. Қосанов сондай-ақ, көлікті мас күйінде жүргізген жүргізушілер кінәсінен 14 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін хабарлады. Онда 3 адам қаза тауып, 18 адам жарақат алған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті