Астана қаржы полициясы тапсырыс берушінің мүлкін ұрлағаны үшін шетел азаматының үстінен қылмыстық іс қозғады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана қаржы полициясы тапсырыс берушінің мүлкін ұрлағаны үшін шетел азаматының үстінен қылмыстық іс қозғады

Астана қаржы полициясы тапсырыс берушінің мүлкін ұрлағаны үшін шетел азаматының үстінен қылмыстық іс қозғады

Астана. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Астана қаржы полициясы тапсырыс берушінің мүлкін ұрлағаны үшін шетел азаматының үстінен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды агенттік Астана қалалық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 23 Сәуiр 2008
  • 383
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің (сеніп тапсырылған басқаның мүлкін иемденіп алу немесе талан-тараж ету жөніндегі) 176-бабының 3-тармағының «б» тармақшасы бойынша қозғалды.

«ЖШС директоры болып табылатын шетел азаматы темір жол вагондарын мемлекеттік сатып алу жөніндегі тендерде жеңіп, тапсырыс берушіден 500 млн теңге алып, талан-таражға салу арқылы тапсырыс берушінің 149 млн 578 мың теңге көлеміндегі мүлкін ұрлады, деп хабарлайды қаржы полициясы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті