Астана - Қостанай тас жолында журналистер отырған шағын автобус апатқа ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана - Қостанай тас жолында  журналистер отырған шағын автобус апатқа ұшырады

Астана - Қостанай тас жолында журналистер отырған шағын автобус апатқа ұшырады

Қостанай. 1 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астана - Қостанай тас жолында, Әулиекөл ауданында журналистер отырған шағын автобус апатқа ұшырады. Зардап шеккендердің арасында облыс әкімінің баспасөз хатшысы да бар, деп хабарладйы агенттік тілшісі.

  • 1 Қараша 2007
  • 628
Фото - Caravan.kz

Журналистер отырған шағын автобус Арқалықтан қайтып келе жатқан. Апатқа ұшыраған журналистердің айтуынша, Әулиекөл ауданында «қараңғылық түскен кезде автобус кенеттен тежегішін басып, бірдемеге соқтығысып қалған». «Тойота» шағын автобусы К-700 тракторының күрегінің үстіне шығып кеткен.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, К-700 тракторының жарықтары өшіп тұрғандықтан, көрінбеген.

Шағын автобуста «Алау» телерадиокомпаниясы, облыстық «Қазақстан Қостанай» телекомпаниясының журналистері мен «Костанайские Новости» газетінің журналисі болған.

Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Алла Гаража ауыр жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілді. Оның аяғына хирургиялық операция жасауға дайындық жүргізілуде.

ІІД агенттік тілшісіне хабар беруден әзірге бас тартуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті