Астана қытайлық дипломаттардан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан кандидатурасын қолдауды өтінді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана қытайлық дипломаттардан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан кандидатурасын қолдауды өтінді

Астана қытайлық дипломаттардан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан кандидатурасын қолдауды өтінді

Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов 19-20 наурыз күндері ҚХР ресми сапары барысында қытайлық дипломаттардан 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуы үшін республика кандидатурасына қолдау көрсетуді өтінді.

  • 20 Наурыз 2014
  • 618
Фото - Caravan.kz

"2017 жылы біздің ел тәуелсіз дамуының 25 жылдығын атап өтпек. Серпінді әлеуметтік-экономикалық даму, теңгермелі сыртқы саясат, әлемнің басқа мемлекеттерімен арадағы өз ара тиімді әріптестік қатынастар, Қазақстанның басқа да жетістіктері ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі басты институттың жұмысына қатысуымыздың негізділігін көрсетіп отыр", деді ол Пекинде аккредителген қытайлық дипломаттар мен шетелдік елшілердің қатысуымен өткен ресми қабылдау барысында.

СІМ жетекшісі сондай-ақ Пекинде қазақстандық ақын, ұлы ойшыл Абай Құнанбаевқа арналған ескерткіштің ашылуы рәсіміне қатысты, оны қытайлық мүсінші Юань Сикун жасаған.


СІМ баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Е.Ыдырысов биыл Қазақстанда Қытайдың мәдениет күндерін өткізудің жоспарланғандығын айтты.