Астана соты Қайрат Жамалиевті үйқамаққа шығарудан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана соты Қайрат Жамалиевті үйқамаққа шығарудан бас тартты

Астана соты Қайрат Жамалиевті үйқамаққа шығарудан бас тартты

Қайрат Жамалиев тергеу қорытындысын түрмеде отырып күтетін болды. Астана соты жас жігітті өлімші етіп сабаған кәсіпкердің өтінішін қолдамады.

  • 5 Мамыр 2015
  • 411
Фото - Caravan.kz

Екі айға темір торға тоғытылған Жамалиев үйқамаққа ауыстыруды сұраған. Алайда, судья тергеу қаулысын сол күйде қалдырып отыр. Астана тұрғыны Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желіге ұлы Әлибидің суретін салып, көпшіліктен көмек сұраған еді. Айтуынша, Елордадағы ең қымбат мейрамханалар мен құрылыс компанияларының иесі Қайрат Жамалиев 24 жастағы баласын аяусыз тепкілеп, бетін үтікпен күйдіріп, әбден қорлаған. Мұнымен қоймай «екі кісіні өлтірдім» деп мойындауға мәжбүрлепті. Кейін кәсіпкердің өзі қамауға алынып, бар мүлкіне сот тыйым салған болатын. Ал, дау Жамалиевтің тоқалынан шыққан. Келіншек жас жігітпен де көңіл қосқан, — дейді жәбірленушінің әкесі. Істің ақ-қарасын тергеушілер анықтап жатыр. Оған дейін жас тоқалын қызғанған Жамалиев темір торда отырады.