Астана түбіндегі полигонда болған граната жарылысы қауіпсіздік талаптарын бұзу салдарынан болған - ҚР ІІМ Ішкі Әскерлері қолбасшысының орынбасары - kaz.caravan.kz
  • $ 516.93
  • 542.52
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана түбіндегі полигонда болған граната жарылысы қауіпсіздік талаптарын бұзу салдарынан болған - ҚР ІІМ Ішкі Әскерлері қолбасшысының орынбасары

Астана түбіндегі полигонда болған граната жарылысы қауіпсіздік талаптарын бұзу салдарынан болған - ҚР ІІМ Ішкі Әскерлері қолбасшысының орынбасары

Астана түбіндегі "полигонда болған граната жарылысы қауіпсіздік талаптарын бұзу салдарынан кездейсоқ болған қайғылы оқиға". Бұл туралы бүгін, 18-мамырда ҚР ІІМ Ішкі Әскерлері қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Иван Графкин журналистерді құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 18 Мамыр 2004
  • 554
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жарылыс 17-мамыр күні ҚР ІІМ Ішкі Әскерлерінің бір әскери бөлімшесінде атысқа дайындық барысында болған. Полигон аумағынан жауынгерлер тауып алған ГП-25 гранатометының 40 миллиметрлік оқ-дәрісі жарылған. Жарылыс салдарынан 15 адам жараланды, олардың төртеуі ауыр халде, бір адамның жарақаты орташа ауыр деп бағаланса, 10 адам жеңіл жарақаттанған. И.Графкиннің хабарлауынша, «ауыр жараланған бір адамның сол қолын, екінші жауынгердің сол жақ жіліншігін кесіп алуға тура келген».

Ішкі Әскерлер қолбасшысы орынбасарының жорамалына жүгінсек, «граната өртене бастаған шөпті сөндіру кезінде алаңқайдан табылған. Ол жарамсыз деп танылып, жарылмай қалған гранатаға ұқсайды». И.Графкиннің хабарлауынша, 17-мамырдағы оқу-жаттығулар кезінде ҚР ІІМ-нің Ішкі Әскерлерінің әскери бөлімшесі тек автоматтардан ғана атыс өткізген. Мұнымен шектелмей, «аталмыш бөлімше тіпті гранатометтармен мүлдем қаруланбаған»,- деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, атыс дайындығына арналған біріккен оқу орталығында Астанадағы барлық күш құрылымдары атыс және басқа да тактикалық дайындық түрлері бойынша сабақтар өткізеді. И.Графкиннің айтуынша, аталмыш полигонда мұндай төтенше жағдай бұрын-соңды болып көрмеген.
Зардап шеккен жауынгерлерге өтемақы төлене ме деген журналистер сауалына И.Графкин : «жауынгерлер әбден сауығып шыққаннан кейін әскери-дәрігерлік комиссия олардың жарақат дәрежесін анықтайды»,- деп жауап берді.

Қазір ҚР ІІМ-нің әскери-тергеу департаменті тексерулерге кірісті.