Астана тұрғындарын топан су әбігерге салып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана тұрғындарын  топан су әбігерге салып жатыр

Астана тұрғындарын топан су әбігерге салып жатыр

Астананың коммуналдық қызметі топан суды сорып үлгере алмай жатыр. Сенбідегі нөсер жауыннан көтерілген қызыл су, ағатын арық таппай Елорданы  нағыз Венецияға айналдырып жіберген.

  • 19 Мамыр 2015
  • 291
Фото - Caravan.kz

Бірер сағат ішінде көшелерді жаппай су алып, бірнеше шақырымға созылған кептеліс болды. Тіпті белден асатын су ортасында қалып қойған көлік иелеріне құтқарушылардың көмегіне жүгінуге тура келді. Бүгін қайта төккен жаңбыр коммуналдық қызметтердің жұмысын мүлдем қиындатып жіберді.  Көшені айтпағанда, тұрғын үйлердің төбесін су ағып жатыр. Әкімдік осы уақытқа дейін 10 мың текше метр судың сорылғанын айтты. Ушыққан жағдайды Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтың өзі бақылауға алған. Ал «Қазгидрометтің» болжамы көңіл көншітпейді. Алдағы 3 тәулікте жаңбыр толастамай, соңы күшті желге ұласпақ.