Астана тұрғыны 63 көлікпен жазу жазып, үйленуге ұсыныс жасады – видео - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана тұрғыны 63 көлікпен жазу жазып, үйленуге ұсыныс жасады – видео

Астана тұрғыны 63 көлікпен жазу жазып, үйленуге ұсыныс жасады – видео

Астаналық жігіт достары мен таныстарының көмегімен сүйіктісін таңғалдырды.

  • 27 Желтоқсан 2018
  • 10
Фото - Caravan.kz

Астана тұрғыны ерекше әдіспен сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады.

Елорда автотұрақтарының бірінде 63 көлікпен "Выходи за Маке" деген жазу жазылды. Мадияр осындай ерекше әдіс арқылы сүйіктісі Сабинаны таңғалдыруға шешім қабылдаған екен.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by A98 / Новости Астаны (@astanovka98) on

Жазу әуеден квадрокоптердің көмегімен видеоға түсірілген. Сабина тұрмысқа шығу туралы ұсынысты монитор арқылы көрді. Жүзік пен гүл ұстаған Мадияр оған жақындайды. Таңғалған қыз: "Иә", — деп жауап берді.  

"Ғашықтар сүйіктісіне қалай ұсыныс жасайтынын күн сайын көріп жүрген жоқпыз. Маке, біз сені мақтан тұтамыз, сендерге бақыт және көп перзент тілейміз", — деп жазды Мадиярдың досы Денис Сидтиков.

Желіде Мадиярдың өзі емес, достары ұсыныс жасады деп қалжыңдап жатыр. 
 

Соңғы жаңалықтар