Астана тұрғыны пәтерінің суықтығынан бүлдіршіндерін балалар үйіне өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана тұрғыны пәтерінің суықтығынан бүлдіршіндерін балалар үйіне өткізді

Астана тұрғыны пәтерінің суықтығынан бүлдіршіндерін балалар үйіне өткізді

 

  • 1 Ақпан 2018
  • 165
Фото - Caravan.kz

Елордадағы Иманов — Брусиловский көшесіндегі үйді салушылар рұқсатсыз өз еркімен тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан мансарды салған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Алайда ол үй жылуға қосылмаған болып шыққан. Пәтердегі адам төзгісіз суықтың салдарынан ата-ана балаларын балалар үйіне өткізген. Бұл туралы Елорда Инфо ақпарат көзі тұрғын үй құрылысы бойынша ведомствоаралық комиссия отырысы кезінде аталмыш комиссия мүшесі Татьяна Чурсинаның айтқанын хабарлайды. Құрылыс жүргізушілердің өкілдері жаңадан салынған 19 пәтерде жылудың жоқтығын алға тартқан. «Бір әйел үйінде адам төзгісіз суықтың салдарынан балаларын балалар үйіне өткізіп жіберген. Онда тұру мүмкін емес. Жағдай осы», — дейді комиссия мүшесі Татьяна Чурсина. Қала әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның айтуынша, Иманов — Брусиловский көшесіндегі үй тұрғызушы бір жыл бұрын әкімдікке техникалық қабаттарды пәтер етіп өздігінен құрылыс жүргізу мәселесі бойынша шақырылған. «Біз құрылыс салушы мен мердігерді осында шақырғанбыз. Мердігер ресми түрде шынында да, пәтерді қайта жоспарлап салуды көздегенін, бірақ бұзушылыққа жол бергенін түсіне отырып, ешқандай сатылым болмайтынын мәлімдеген. Нысанды аяқтап, заңбұзушылыққа жол бермейтінін айтқан. Бізде осының бәрін тіркеген ресми хаттама бар. Десе де, уақыт өте келе, нысан пайдалануға беріліп кеткен уақытта аталған құрылыс салушы пәтерді қайта жоспарлау арқылы салып, аумақты пайдаға асырған. Қазір бұл заңбұзушылық қылмыстық іс аясында қаралап жатыр», — дейді Сергей Хорошун. Осы заңсыздықтың салдарынан тұрғындар әлі күнге дейін пәтерлерін өз аттарына аудара алмай отыр. Әкімнің бірінші орынбасары жұмыс комиссиясын құрып, аталған мәселені шешу үшін ұсыныс әзірлеу керектігін хабарлады.



 

Соңғы жаңалықтар