Астана тұрғыны стюардессаға қырындағаны үшін жауапкершілікке тартылды
![]() |
Астана тұрғыны ұшақ бортында стюардессаға қырындап тиіскені үшін әкімшілік соттың шешімімен бір тәулікке қамауға алынды деп хабарлады елорадық соттың баспасөз қызметі сәрсенбі күні. |
Істің дерегі бойынша, 2016 жылы 30 желтоқсанда мас ер адам "Эйр Астана" ұшағының бортында стюардессаға тиіспек болған.
"Құқық бұзушы өз әрекетімен қызметкердің ар-намысына нұсқан келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзды, азаматтардың мазасын алды", — деп атап өтті сотта.
Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысы бойынша ер адам Қазақстан Республикасы ӘҚБК 434 бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бір тәулікке қамауға алу жазасына кесілді. Сот қаулысы заңды күшіне әлі енген жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін