Астана тұрғынынан экстази таблеткаларының қомақты партиясы тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана тұрғынынан экстази таблеткаларының қомақты партиясы тәркіленді

Астана тұрғынынан экстази таблеткаларының қомақты партиясы тәркіленді

Астанада арнайы операция барысында "экстази" таблеткаларының үлкен партиясы тәркіленді, деп хабарлады астаналық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

  • 20 Мамыр 2014
  • 392
Фото - Caravan.kz

Сейсенбіде таралған ақпаратқа қарағанда, арнайы операция "Допинг" шұғыл-профилактикалық шарасы аясында жүргізілген.

Тұрғын үйлердің бірінің ауласынан 35 жастағы жергілікті тұрғын ұсталған, одан психотропты заттар санатына жатқызылған "МДМА-Экстазидің" 109 таблеткасы тәркіленді, делінген онда.

Ұсталған жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды.