Астана вокзалында экскалаторға мінген қария аяғынан айырыла жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана вокзалында экскалаторға  мінген қария аяғынан айырыла жаздады

Астана вокзалында экскалаторға мінген қария аяғынан айырыла жаздады

Астанада жетпістегі жолаушының аяғын эскалатор жұлып кете жаздады. Оқыс оқиға темір жол вокзалында болған. Елордаға Қарағандыдан қонаққа келген кейуананың айтуынша, жоғары көтеріліп бара жатқан баспалдақ аяқ-асты істен шығып, кері кеткен. Сол кезде қос аяғы қысылып қалыпты. Ал, темір жол вокзалындағылар мүгедек болып қала жаздаған зардап шегушіге   қарайласпапты. Бұған ашуланған әжей вокзал басшыларын сотқа бермек.

  • 27 Тамыз 2014
  • 336
Фото - Caravan.kz

Қарағандылық Қаламқас әжей  Астанаға тойға келген екен. Пойыздан түскен бетте темір жол вокзалындағы мына эскалатордың  біріне мінген. Баспалдаққа аяғымды қоя бергенім сол еді, қарадай тұрып теңселіп, құлай кеттім, — дейді кейуана.

Қаламқас Өтепбергенова, зардап шегуші:

— Мен ортасында келе жатқанмын, бірдеңесі дүрілдеді эскалатордың. Майраға қарасам, ол қозғалып тұр. Оған қарасам, өзім құлап жатырмын. Алдыға келе жатқан эскалатор қайтадан  келе жатыр, сынған ба, білмеймін . Аяғыма тиіп, «өлдім» деп бақырдым.

Қаламқас әжей қазір әрең жүреді. Қос аяғында эскалатордың ізі анық көрініп тұр, тобығына дейін ісіп, көгеріп кеткен. Ол аздай мүгедек болып қала жаздаған кейуананың жүрегі де әбден шайлығып қалыпты. Тіпті  «енді Астанаға жоламаймын» деп жылап отыр.

-Енді ауылдан шықпаймын, жеті немерем бар еді.Құдай сақтады.

Эскалатордың  істен шығып, бірнеше жолаушының аяғын жұлып ала жаздағанынан вокзалдағылар хабардар болған. Бірақ жауаптылардың мұндай оқиғаға еті үйреніп кеткен сынды. Өйткені, бас қаламыздағы тозығы жеткен темір баспалдаққа күнара адам қысылып қалады екен. Сондықтан болар оңбай құлап, қансырап кеткен Қаламқас апаның жағдайын  вокзал қызметкерлері  ұмытып та кетіпті. 

Гүлбағила Тұрсынбаева, Қ.Өтепбергенованың қызы:

-Мен бұл істі жәй қалдырмаймын деп шештім. Өйткені, вокзал басшылары хабарласып, анамның жағдайын да сұрамады. Керісінше, жаңа қызметкерлері эскалаторға міне алмайтын жолаушылардың өзі кінәлі деп отыр.

Жалпы, Астананың темір жол вокзалындағы эскалаторлардың жаңартылмағанына жеті жылдан асқан, барлығы  тозып тұр.  Яғни, жолаушы қауіпсіздігіне  ешкім кепілдік  бере алмайды.

Ділдахмет Айдарбеков, Астана темір жол вокзалының бас инженері:

-Жаз болғандықтан халық көп. Оның бәрін есептеп шығарған кезде эскалатор көтере алмайды. Адами фактор  ғой. Техникалық қауіпсіздігін сақтағанда да өздерінен де болады.

-Ал қартайғанда қыдырамын деп қос аяғынан айырылып қала жаздаған кейуана болса, бүгін медициналық сараптамадан өтті. Енді сотқа арызданбақ. Мұны естіген вокзал басшылары  да күтпеген жерден әрекетке көшті. Жаралы жолаушыға қатысты оқиғаны қайта қарап, тиісті көмек көрсетуге дайынбыз деп отыр.