Астана жылу электр станцияларының қуаты 50 МВт-қа ұлғайды - "АстанаЭнерго" АҚ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана жылу электр станцияларының қуаты 50 МВт-қа ұлғайды - "АстанаЭнерго" АҚ

Астана жылу электр станцияларының қуаты 50 МВт-қа ұлғайды - "АстанаЭнерго" АҚ

Астана. 24-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Астана жылу электр станцияларының жалпы қуаты 50 МВт-қа ұлғайды. Бұл туралы сенбі күні тілшілерге берген сұхбатында "АстанаЭнерго" АҚ бас директоры Ғабдолла Жақыпов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 24 Желтоқсан 2007
  • 1059
Фото - Caravan.kz

«Бүгін біз Елорданың 2-ші жылу электр орталығында 6-шы қазаншұңқыр іске қосып отырмыз. Бұл Астана тұрғындарын жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз етудің тұрақтылығын нығайтып, сенімділігін арттырады», — деді Ғабдолла Жақыпов.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, аталмыш қазаншұңқыр Астанаға қосымша 210 Гкал/сағат жылу мен 40-50 МВт электр қуатын береді. «Ендігәрі Астаналық 2-ші жылу электр орталығының жалпы жылу қуаты 965 гигакалорияны, ал электр қуаты 350 МВт-ты құрап отыр», — деп түсіндірді «АстанаЭнерго» АҚ бас директоры.

Оның есептеулеріне сүйенсек, сонымен, Астананың екі жылу электр орталығының беретін жалпы жылу қуаты 1114 Гкал/сағатты, электр қуаты 365 МВт-ты құрайды. Ғабдолла Жақыпов: «жаңа қазаншұңқырдың пайдалануға берілуімен 2008-2009 жылдардағы жылу маусымындағы Астананың жылуға деген қажетін 100 пайыз жабамыз», — деп атап көрсетті. «Электр энергиясын біз қосымша сатып алуымыз қажет. Бірақ, біз қазір сыртқы көздерден 100 — 115 МВт-ты сатып алып отырсақ, станциялар қуатының 50 МВт-қа артуы есебінен жоғарыдағы кезең аралығында 70-80 МВт сатып алатын боламыз», — деді ол.

Осыған байланысты «АстанаЭнерго» АҚ бас директоры Елорданың электр энергетикасы нарығында мұндай жағдай алдағы жылдары, 2-ші жылу электр орталығында 5-ші турбина мен 7-ші, 8-ші қазандар іске қосылғанға дейін сақталатындығын еске салды. «Астананың энергетика саласын дамыту жоспарына сай, 5-ші турбинаны іске қосу 2010 жылға жоспарланып отыр. Сол жылы станциядағы 7-ші қазаншұңқырды да пайдалануға беру жоспарланып отыр», — деп толықтырды Ғ. Жақыпов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті