Астана-Бурабай ақылы жолымен жүрген ресейлік көліктердің саны күрт артты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана-Бурабай ақылы жолымен жүрген ресейлік көліктердің саны күрт артты

Астана-Бурабай ақылы жолымен жүрген ресейлік көліктердің саны күрт артты

Биыл Астана мен Бурабай аралығындағы ақылы жолмен жүрген ресейлік көліктердің саны күрт артты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігіне «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Тамыз 2016
  • 448
Фото - Caravan.kz

«2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы РФ-дан келетін көлік құралдарының ағыны артып отыр. Мәселен, өткен жылда аталған ақылы жолмен ресейліктер мінген 35 мың көлік жүріп өтсе, ал биылдың тек жарты жылында Астана- Щучье  аралығындағы жолмен жүрген 52 мыңнан астам көлік тіркелді», — дейді компания өкілдері.

Атап айтқанда, жалпы Астана-Щучье автожолында 2016 жылдың 1 жартысында 533 млн теңгеден астам қаражат жиналынды. Өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда, жиналған қаражат 3% артты.

«Төлем жүйесі әрдайым жаңартылады және жылдан жылға өткізу қабілетін арттырады. Осыған сәйкес, 2016 жылдың бірінші жартысында жүйеде 1 млн 200 мыңға жуық автокөлік тіркелген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, автокөлік ағынының қарқындылығы 2,8% өсті. Демалыс күндері Астана-Щучье ақылы жолында автокөлік ағымы кіре берісте 12 500 бірлікке тең, ал жұмыс күндері осы көрсеткіш күніне 5 500-ге жуық автокөлікке құрайды», — делінген «ҚазАвтоЖол» мәліметінде.

Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасына және «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ 2013 — 2022 жылдарға арналған даму стратегиясына сәйкес, ұзындығы 6 982 шақырымға жуық автожол учаскелерінде ақылы төлем жүйесінің еңгізілуі жоспарланған. Осы ретте Батыс Еуропа — Батыс Қытай дәлізі, Астана — Атбасар, Алматы — Қапшағай, Павлодар — РФ шекарасы (Омбы) және басқа жолдар қамтылып отыр.


Айта кетейік, Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақстан Республикасының автожолдарында ақылы жүйені енгізуді қаржыландырмақ.

Бүгінгі таңда қарызды пайдалануға беру шарттары және жоспарлау мәселелері зерделенуде. Ақылы жүйені енгізу мемлекетіміздің негізгі халықаралық дәліздерінде, оның ішінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынатын учаскелерде енгізу жоспарланған.

 

Соңғы жаңалықтар