«Былтыр бірқатар қоғамдық ұйымдар БАҚ туралы жаңа заң жобасын дайындады. Қоғамдық ұйымдар заңға бастамашы бола алмайтындықтан біз ол жобаны депутаттарға бердік. Парламент жобаны өз жұмыстарына қабылдады. Сосын жарты жылдай тыныштық орнап, Жаңа жылдан кейін үкімет бұл заң жобасы бойынша теріс шешім шығарғанын білдік. Бұл заң жобасы шикі, ол енгізілетін болса, республикалық бюджеттен қосымша қаржы керек дегенді сылтауратты. Түсінесіздер ме, мұндай сөз тіркесі болған жағдайда барлығы да алынып тасталады», — деп хабарлады С. Матаев.
«Бірақ істің мәнісі мынада, қоғамдық ұйымдар дайындаған осы заң жобасында либералдық инновациялар болған. Бұл, мәселен, телеарнамен байланысты деп алайық. Біз осы саладағы тіркеу бойынша көптеген мәселелерді алып тастадық. Бізде тіркеу деген қиын. Маған осы кеше ғана Мәдениет және ақпарат министрлігінен қағаз келді. Онда жаңа заң жасау бойынша емес, қазіргі заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс тобы құрылатыны жазылған», — деді Қазақстанның журналистер одағының төрағасы.
Оның айтуынша, қоғамдық ұйымдар мұнымен келіспей, осы жайды ашық мәлімдегендерімен олардың өкілдері жұмыс тобына кірген. «Біздің білейік дегеніміз, Мәдениет және ақпарат министрлігі журналистер қоғамдастығына қандай өзгертулерді ұсына алады?» — деп мәлімдеді С. Матаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті