Астанада 18 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 18 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды

Астанада 18 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды

Кішкентай астаналықтардың алғашқы сабағы елорданың 20 жылдығына арналды.

  • 2 Қыркүйек 2018
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл астанада бір ғана № 54 мектеп-интернаттың өзінде бірінші сыныпқа 300 бала барды. Мектеп директоры Шәкәрім Сейсенбайдың айтуынша, алғашқы дәрісте балаларға қаланың тарихы туралы, Астананың қалай дамығаны, көрнекті орындары мен бірегей тарихи оқиғалары айтылды.

«40 минут сабақ барысында балалар қаланың қалыптасу тарихымен танысып, білім еліне сапар шекті. Арнайы кабинетте біз танымдық ойындар өткіздік. Осы жылы біз 10 сынып ашуды жоспарлап отырмыз, оның әрқайсысында 30 баладан оқиды» — дейді мектеп директоры.

Айта кетейік, білім басқармасының мәліметінше биыл бірінші сыныпқа 18 мыңнан астам бала барған. Қаладағы барлық мектепте 150 мыңнан астам оқушы білім алуды бастап кетті.


Бүгінде Астанада 105 мектеп бар, оның 85-і – мемлекеттік, 1- кешкі, 15 – жекеменшік және 4-і — республикалық маңызы бар мектеп.

Соңғы жаңалықтар