Астанада 18-19 қыркүйекте Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі хатшылығының VI отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 18-19 қыркүйекте Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі хатшылығының VI отырысы өтеді

Астанада 18-19 қыркүйекте Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі хатшылығының VI отырысы өтеді

Астана. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін". - Астанада 18-19 қыркүйек аралығында "Бейбітшілік және келісім сарайында" ҚР парламенті сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі хатшылығының VI отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 17 Қыркүйек 2007
  • 470
Фото - Caravan.kz

СІМ өкілінің хабарлауынша, аталған іс-шараға 26 әлемдік діни ұйымдардан 40-шақты дінбасылардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

Отырыс барысында қатысушылар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері III Съезінің тақырыбы және күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды талқылап; Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері III Съезінің қорытынды құжаттарын анықтау және әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру жайын қарастырып; съез хатшылығының VII отырысын өткізетін орын мен уақытын анықтайды; Сондай-ақ, онда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі хатшылығының VI отырысының хаттамасы қабылданады деп жоспарланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті