Астанада 5 қызынан айырылған ана қазақстандықтарға өтінішін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 5 қызынан айырылған ана қазақстандықтарға өтінішін айтты

Астанада 5 қызынан айырылған ана қазақстандықтарға өтінішін айтты

Астана қаласында 5 баланың өліміне себепші болған сұрапыл өрттің неден шыққаны айтылды. Сондай-ақ, сол күнгі өрт кезінде бес баласынан айырылған ана өзіне қолдау көрсетіп, бақытсыздығымен бөліскендерге алғысын айтып және әлеуметтік желілерде бұл қайғыны еске салатын қандай да бір видеоларды жарияламауды сұрады.

  • 12 Ақпан 2019
  • 232
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы “Отырар ” басылымына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қайғыдан қан жұтқан ана беті қатпаған жараның аузын тырнай бермеуді өтінді. Сонымен қатар, желіде жарияланып жүрген видео немесе фотосуреттерде қазір ата-анасының жанында аман-есен, дені сау отырған балалардың да суреті кездеседі екен. Сондықтан да, қара жамылған ана бұл күнді еске салатын қандай да бір видео немесе суреттер жариялауды тоқтатуларын сұрап отыр.

Ал төтенше жағдайлар жөніндегі комитет өрттің шығу себебін атады. Хабарламаға сүйенсек, 5 бала көз жұмған уақытша баспанадағы өрт – түтін шығу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуына байланысты шыққан. Яғни, төбе мен мұржаның арасында қашықтық болмаған. Ал құбырдың дұрыс орнатылмағаны өрт тудырған.

«Өрттің шығу себебі – түтін шығу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуынан туындаған. Яғни, түтіндік пен төбе арасында ешқандай бос жер болмады. Ал бұл пештің жануына, өрттің тұтануына сер еткен. Содан шатыр өртеніп, құлап түсті», – деді Азаматтық қорғаныс саласындағы апаттар қаупін азайту және бақылау департаменті басшысының орынбасары Жасұлан Ақтаев.


Оның айтуынша, жыл сайын елімізде шамамен 15 мың өрт орын алады. Өрттің 70%-ы тұрғын үй секторында болып жатады екен.

Еске сала кетсек, Астанада өрт салдарынан бір үйдің 5 баласы көз жұмды: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген. Олардың ең кішісі – небәрі 11 айлық. Түнде олар тірідей өртеніп кеткен кезде, ата-анасы жұмыста болған.

Соңғы жаңалықтар