Астанада 60 жастағы анасын қорлаған ер адам қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 60 жастағы анасын қорлаған ер адам қамауға алынды

Астанада 60 жастағы анасын қорлаған ер адам қамауға алынды

Елордалық учаскелік инспекторға қарт ана жүгінді. Ол 34 жастағы ұлының үйіне мас күйінде келіп, былапыт сөйлеп, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтынын, осылайша психологиялық зорлық-зомбылық көрсететінін мәлімдеген.

  • 26 Желтоқсан 2022
  • 16
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы turkystan.kz  сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұрын ер адам бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бір жыл мерзімге мінез-құлқына ерекше талап қойылған адам ретінде есепте тұрған.

«Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза қолданылды. Сондай-ақ алкогольдік ішімдіктерді қолдануға тыйым сала отырып, құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талап қойылды», – делінген хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар