Астанада әйелдерді тонауды «кәсіп еткен» алаяқ құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада әйелдерді тонауды «кәсіп еткен» алаяқ құрықталды

Астанада әйелдерді тонауды «кәсіп еткен» алаяқ құрықталды

Астанада әйелдерді алдап, тонаумен айналысқан Оңтүстік Қазақстан облысының 30 жастағы тұрғыны құрықталды.

  • 4 Шiлде 2014
  • 1096
Фото - Caravan.kz

«Еш жерде жұмыс істемейтін және тұрақты тұратын жері жоқ еркек әйелдермен танысып, сенімге кіріп алғаннан кейін оларды алдап, бағалы заттарын, ақшасы мен ұялы телефондарын әкетіп отырған», — деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Әзірге Астана полициясына бес әйел шағымданған. Алайда полицейлер алаяқтың құрығына түскен нәзік жандылардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Хабарламаға сүйенсек, әккі ұры бір келіншектің 60 мың теңгесін алып кеткен. Екінші қызды суши-барға шақырып, тамақ жеп болған соң «досыма қоңырау шаламын» деген желеумен бойжеткеннің 160 мың теңге тұратын телефонын алып, қашып кеткен көрінеді.

Зардап шеккен әйелдің бірі онымен Орталық саябақта танысыпты. Үш күннен кейін қонақ үйге апарып, бойжеткеннің 194 мың теңгесін алып ізін суытқан.


Алаяқтың құрығына түскен төртінші әйел 200 мың теңге тұратын ұялы телефонынан көз жазып қалыпты.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті изоляторға тоғытылды.