Астанада алдағы сәрсенбі күні құрылысы аяқталмаған нысандардың кезекті жәрмеңкесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада алдағы сәрсенбі күні құрылысы аяқталмаған нысандардың кезекті жәрмеңкесі өтеді

Астанада алдағы сәрсенбі күні құрылысы аяқталмаған нысандардың кезекті жәрмеңкесі өтеді

Астанадағы «Думан» қонақ үйінде құрылысы аяқталмаған нысандардың кезекті жәрмеңкесі 2017 жылдың 1 қарашасында өтеді деп хабарлай елорда әкімдігінің медиа орталығы. 

  • 27 Қазан 2017
  • 260
Фото - Caravan.kz

Астана әкімдігі қалалық прокуратурамен бірлесіп инвесторларға арналған құрылысы аяқталмаған нысандардың кезекті үшінші жәрмеңкесін өткізеді. Әлеуетті инвесторларға құрылысы аяқталмаған 20 нысан ұсынылатын болады деп күтілуде. 

Шара мақсаты – елордадағы проблемалы тұрғын үй нысандарының құрылысын аяқтау.

Жәрмеңкеге нысандардың құрылысын аяқтауға қаржысын салуға дайын әлеуетті инвесторлар қатысушы ретінде шақырылды. Олар үшін нысандармен танысуға арналған мәліметтер дайындалды. Материалдар бойынша қажетті ақпараты бар төлқұжат әзірленді.

Бұдан басқа, әкімдік жанындағы ведомствоаралық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша бүгінгі таңда ТҚК-дегі 28 нысан (5мыңнан астам инвестор) қала прокурорының талабы бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтайтын кәсіпкерлерге тапсырылды, 12 нысан бойынша (2300-ге жуық инвестор) жұмыстар жалғасып жатыр.


Сонымен қатар, Астана қаласының әкімдігі мен прокуратура органдары бірлесіп, проблемалы нысандар бойынша инвестицияларды тарту ісіне қолдау көрсетуде. Солардың ішінде 19 сәуір мен 26 шілдеде өткен жәрмеңкелерде 16 нысан таныстырылған болатын.

Соңғы жаңалықтар