«Өткен жылу беру кезеңінің қорытындысын жасай отырып, мен 2008-2009 жылдарындағы жылыту маусымына дайындық және оны өткізу жөнінде қалалық штабын құруды, сондай ақ оның жұмыс істейтін кестесін дайындап бекітуді тапсырамын «, — деді И. Тасмағамбетов.
Ол хабарлағанындай, штаб жетекшілігі қала әкімінің орынбасары Василий Крыловқа жүктеледі. » Жұмыс бойынша, қалалық штаб шұғыл түрде өзінің жұмысын жасап, бөлімшелердің барлығында жылу беру маусымның бағдарламасы болуы шарт. Ай сайын қала әкімі деңгейінде жиналыс өткізіліп, онда жоспардың орындалуы талқыланып, туындаған мәселелер қарастырылатын болады», -деп хабарлады Астана әкімі.
Астана аудандық әкімдеріне жылу маусымына дайындық жасау жөнінде осындай штаб құру тапсырылды. Олар ПИК бірлесе отырып, тұрғын үйлерге жасалатын кезекті жөндеу жұмыстарының жоспарын дайындаулары тиіс. Оған үйлердің подъездерінің терезелеріне шыны салу, металды есіктерді қою, лифтілердің машиналық бөлімдеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу, үй подъездеріндегі жылу радиаторларын орнаты сиқты жұмыстар жатады «.
И. Тасмағамбетовтың айтуынша, «техникалық жағдайы нашар үйлердің тізімін жасап оларды бірінші кезекте дайындау керек «. «Баспана департаментімен бірлесе отырып, қаладағы барлық жатақхана тұрғындарының жалға алу келісімдерінің бары тексеріліп, онда олардың жалпы ғимаратты қамтамасыз етудің міндеттемелері қарастырылатын болсын», — деді қала басшысы.
«Жылу беру кезеңі алдында барлық ПИК апатты жою қызметтерімен келісім-шарт жасауын қамтамасыз етіп, қыс кезінде жылу жоқтығына қатысты түскен шағымдарды сараптап, ПИК тұрғын үйдегі жылу құбырларындағы кемшіліктерді жою жөнінде тапсырма берілсін және баспананы дайындаудың кестесін дайындалсын «, -деп атап өтті ол.
Әкімнің айтуынша жалпы өткен жылу беру кезеңі ойдағыдай өткен. «Қыс қатты әрі ұзақ болды. Сондықтан жылу, электр қуатымен қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелер мен коммуналдық қызметтер алдына қойылған мақсаттарды орындау үшін көп жұмыс атқарды. Қалада жылумен бірге күрделі мәселелер де болды. Бізде әрбір қыс оңай өтпейтіні белгілі, бірақ алдағы жылу беру маусымында түрлі жағдайларды болдырмау үшін бұл тәуекелдерді азайту керек «, — деп толықтырды И. Тасмағамбетов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті