Астанада әлеуметтік нысандарға жылу беру басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада әлеуметтік нысандарға жылу беру басталды

Астанада әлеуметтік нысандарға жылу беру басталды

Астанада ауа райының салқындауына байланысты әлеуметтік нысандар (медициналық мекемелер, мектептер, балабақшалар, спорт нысандары және т.б.) мерзімінен бұрын жылуға қосыла бастады. 30 қыркүйектен бастап көппәтерлі үйлер кезең кезеңімен жылытуға қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

  • 27 Қыркүйек 2022
  • 12
Фото - Caravan.kz


Сондай-ақ, елордада тұрғын үй алаптарын газдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Алматы және Сарыарқа аудандары үйлерді газға қосу мүмкіндігімен толық қамтамасыз етілген.

Жеке сектор тұрғындары үшін көмір сататын компаниялар анықталды. Бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында компаниялармен көмір құнын бекіту туралы тиісті меморандумдар жасалған. 109 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді, онда көмір қоры, бағасы және бар-жоғы туралы ақпараттарды білуге болады.

Соңғы жаңалықтар