Астанада "Әріптестік : Елордасындағы балалар денсаулығы" атты жоба жүзеге асырыла бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада "Әріптестік : Елордасындағы балалар денсаулығы" атты жоба жүзеге асырыла бастады

Астанада "Әріптестік : Елордасындағы балалар денсаулығы" атты жоба жүзеге асырыла бастады

2004-жылдың ақпанында Астанада "Әріптестік : Елордасындағы балалар денсаулығы" атты жоба жүзеге асырыла бастады. Ол 5 жасқа дейінгі балалар денсаулығын жақсартуға бағытталған. Астанада осындай 30 мың бүлдіршін тұрса, олардың әрбір бесіншісі бір жасқа да жетпеген. Бұл туралы KZ-today тілшісіне жобаның бастамашылары мен негізгі демеушілер - "ЭксонМобил" компаниясы мен АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінен хабарлады.

  • 4 Наурыз 2004
  • 541
Фото - Caravan.kz

Жобаның мақсаты — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан ұсынылған балалар ауруын интеграциялық емдеу стратегиясына сәйкес Астананың бүлдіршін тұрғындарына көрсетілетін дәрігерлік көмек сапасын арттыру болмақ. 2004 жыл бойына жоба аясында халық арасында медициналық ағартушылық шаралар ұйымдастырылып, дәрігерлік мекеме қызметкерлері алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуден дәріс тыңдап, стратегияны табысты жүзеге асыруға қажетті негізгі құрал-жабдық және техникамен қамтамасыз етіледі.

«Әріптестік : Елордасындағы балалар денсаулығы» жобасының бастамашылары оны Астана шеңберінде табысты жүзеге асыру — мемлекеттік «Халық денсаулығы» бағдарламасын қолдауда мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар мен жеке меншік компаниялардың өзара жемісті ынтымақтастығына айқын үлгі бола алады.
Жобаны ұйымдастырушылардың атап көрсетуінше, балалар ауруын интеграциялық емдеу стратегиясын Астанада жүзеге асыру меициналық қызметкерлердің тәжірибелік машық деңгейін арттырып, балалар арасындағы аурушаңдық пен өлім көрсеткішін кемітуге жағдай жасайды.
Жобаны жүзеге асыру барысында 12 дербес дәрігерлік ұйым мен 5 арнаулы бөлімше Астананың балғын тұрғындарына дәрігерлік көмек көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар