Астанада арзан пәтер үшін жанталас жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада арзан пәтер үшін жанталас жалғасуда

Астанада арзан пәтер үшін жанталас жалғасуда

Пәтер үшін  жанталас жалғасуда. Астанадағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының алдында әлі ұзын-сонар кезек. Жас отбасылар «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалға берілетін  үйге құжаттарын өткізіп жатыр.

  • 6 Маусым 2014
  • 341
Фото - Caravan.kz

Десек те, алғашқы күндегідей аса қатты айғай-шу жоқ. Бірақ адам қарасы қалың. Жұрт халыққа қызмет көрсету орталығының есігі ашылған бойда топырлап ішке кіріп талон алуға жанталасып жатыр. Сөйтіп электрондық кезекке тұруы тиіс. Бірақ құжатын бірінші болып тапсырғандар емес, бала саны, некеге отырған жылы, Елордалық тіркеуі мен жалақы көлемі бойынша жоғары балл жинағандар  ғана пәтерлі болады. Үш күн ішінде  екі мыңнан астам жас шаңырақ құжаттарын тапсырып үлгеріпті. Алайда  жалға берілетін арзан  пәтердің саны 672 ғана.


Гүлмира Бәбенова, Астана қалалық халыққа қызмет көрсету орталығының директоры:

—  Халыққа қызмет көрсету орталығының есігін ешкім  сындырған  жоқ. Дүрбелеңді туғызып отырған адамдардың өздері. Қазір полиция жасағы тыныштықты күзетіп тұр. Бірақ халықтан да мәдениетті болуды сұраймыз. Құжат 14 маусымға дейін қабылданады. Барлығы үлгереді.