Астанада әскери комиссариатта алапат өрт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+12 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада әскери комиссариатта алапат өрт болды

Астанада әскери комиссариатта алапат өрт болды

Астанада алапат өрт. Аудандық әскери комиссариат түгі қалмай жанып кете жаздады. Қорғаныс министрлігіне қарасты бөлімдегі отпен өрт сөндірушілер бірнеше сағат алысқан. Алайда, әл бермеген жалын комиссариат шатырын күлге айналдырды. 

  • 18 Маусым 2015
  • 257
Фото - Caravan.kz

Нөсерлеп құйған жаңбырдан Қорғаныс істер бөлімінің ғимаратындағы электр желілеріне су тиіп соңы өртке ұласқан. Бірнеше секундттың ішінде қызыл жалын шатырды түгел шарпыпты. Оның үстіне әскерилер электр қуатын тарататын торапты істен шығарып үлгермегендіктен от қайта-қайта ұшқындаған.  Құдай сақтап, зардап шеккендер жоқ. Қазір шығын көлемі есептелуде.Төтенше оқиға әскери шақыру науқаны біткен соң болып отыр. Сондықтан жауынгерлік дайындыққа кедергі келтірмеуі тиіс.

Валерий Маковский, оқиға куәгері:

-Дуалдардың биік болуы да өртті сөндіруге кедергі келтірді. Қаланың көп ғимаратында дәл осындай жағдай. Биік қақпадан не өрт сөндіруші көліктер не жедел жәрдем кіре алмайды. Тәртіп орнату керек.