Астанада «Астана»-«Қайрат» матчына байланысты жол қозғалысы шектеледі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Астана»-«Қайрат» матчына байланысты жол қозғалысы шектеледі

Астанада «Астана»-«Қайрат» матчына байланысты жол қозғалысы шектеледі

2016 жылы 8 наурызда «Астана»-«Қайрат» командасының арасында ҚР Супер кубогы үшін футбол матчын өткізуге байланысты елордада көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлады Астана қалалық ІІД-нің жергілікті полиция қызметі.

  • 29 Ақпан 2016
  • 421
Фото - Caravan.kz

Көлік қозғалысы 13.00-ден бастап Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдары бойынша Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейін аралықта шектеледі. Шара аяқталғанша жол жабық болады. Аталған аумақты айналып өту үшін — Орынбор көшесімен жүру керек.

Жанкүйерлерді жинау мен жеткізу бес арнайы бағдар бойныша төмендегі мекенжайларда жүзеге асырылады.

1)    «Қазақстан» СК маңында (Қажымұқан көшесі бойынша);

2)   «Хазірет Сұлтан» мешіті маңында (Қошқарбаев даңғылы бойынша);


3)   «Нұр Астана» мешіті маңында  (шығыс жақ автотұрақтан);

4)    Елордалық цирк маңындағы автотұрақ (Қорғалжын тас жолы бойынша автотұрақ)

5) Мұңайтпасов стадионы  маңындағы автотұрақ  (Кенесары көшесі бойынша);