Астанада ата-аналар мектеп психологының көмегіне жиі жүгінуде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ата-аналар мектеп психологының көмегіне жиі жүгінуде

Астанада ата-аналар мектеп психологының көмегіне жиі жүгінуде

Ересектер мамандардан мектептен кейін балаларының біртүрлі мінез-қылық таныту себебін және жасөспірімдердің ғаламторға тәуелділігі мәселесінде көмек көрсетуге кеңес беруді сұрап жүгінеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

  • 16 Тамыз 2017
  • 183
Фото - Caravan.kz

-Ата-аналар қауымымен жұмыс істеу үшін әр мектептің сайтында «Психологқа сұрақ» айдары бар. Биыл екі мыңнан астам сұрақ келіп түсті. Сұрақтардың көбі тек оқытуға, ҰБТ дайындыққа көмектесуге қатысты ғана емес, сонымен қатар өзара келіспеушіліктерді шешуге, ғаламторға тәуелділіктен арылтуға қатысты, — дейді Астана әкімдігінің білімді жаңғырту орталығының психологиялық қызметі кабинетінің меңгерушісі Айман Сәдуақасова.

Барлық түскен сұрақтарға мамандандырылған психолог жауап береді деп түсіндірді спикер.


-Бұл сұрақтар барлық мектептерде өзекті, сол себепті кәмелет жасқа толмағандар арасында суицидтің алдын алу аясында әр психологтың барлық мәселелерді қамтитын арнайы шаралар жоспары құрылған, — деп жалғады сөзін А.Сәдуақасова.

Соңғы жаңалықтар