Жарияланды: 710

Астанада ауылшаруашылығы министрлігінің аймақтық өкілдеріне арналған ақпараттық-маркетингтік жүйе қалыптасыру туралы семинар басталды

Бүгін, 28-шілдеде Астанада ауылшаруашылығы министрлігінің ақпараттық-маркетингтік жүйе (АМЖ) мәселесін жауаптанған аймақтық өкілдеріне арналған 10 күндік семинар басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

"Бұл семинардан аудандық деңгейдегі мамандар өзара ақпарат жалғастыру және ақпараттық технологиялар саласында үлкен тәжірибелік білім алады ",- дейді "Қазагромаркетинг" ААҚ басқармаларының бастығы Дархан Қалиев. Қазіргі жағдаймен ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің коммуникациялық желісі - АМЖ- ауылшаруашылығы өнімін өндірушілер, аудандық әкімшіліктер мен министрлік арасындағы жедел байланысты қамтамасыз етіп отыр. 2001-жылы 4 облыстық 8 ауданында енгізілген ақпараттық маркетингтік жүйе өзінің тиімділігін дәлелдеп берді. Д.Қалиевтің айтуынша, АМЖ аймақтық бөлімшелерді бір орталықтан басқаруға, оларды жаңа заңдармен және оқыту бағдарламаларымен жедел таныстыруға мүмкіндік беріп отыр. "Қазагромаркетинг" ААҚ басқармалары бастығының айтуынша, компанияны дамыту үшін компьютерлер мен компьютерлік бағдарламалар сатып алуға, соның ішінде оның салалық бөлімшелерін ашуға 170 млн. теңге бөлінген. Сондай-ақ, компанияға жергілікті жерлердегі кәсіби маман тапшылығы тауқыметін шешуге де тура келіп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть