Астанада автобус жүргізушілеріне ұялы телефон ұстауға тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада автобус жүргізушілеріне ұялы телефон ұстауға тыйым салынды

Астанада автобус жүргізушілеріне ұялы телефон ұстауға тыйым салынды

Астанада қоғамдық көлік жүрізушілеріне жұмыс уақытында ұялы телефон ұстауға тыйым салынады. Бұл туралы бүгін қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Б.Игенбердиновтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды.

  • 15 Наурыз 2017
  • 296
Фото - Caravan.kz

Жиынның негізгі тақырыбы тасымалдаушылардың келісімшарт бойынша міндеттемелерін тиісті деңгейде орындамауы, бағытқа автобустардың жоспарлы шығуын, қозғалыс аралықтарының сақталуын қамтамасыз ету, автобус жүргізушілерінің Жол жүру ережелерін сақтауы және жолаушыларға қызмет көрсету деңгейін арттыру болды.

Кеңесте тасымалдаушылардың проблемалық мәселелері де қаралды. Кеңестің қорытындысы бойынша Басқарма көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін тиісті шаралар қабылдау бойынша міндеттер қойды.

Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен бастап автобус парктерінің әкімшілігіне рейс алдындағы тексеру кезінде жүргізушілердің ұялы телефондарын қалдыратын арнайы ұяшықтар ұйымдастыру ұсынылды.


Сондай-ақ, Көліктік бақылау қызметіне Тасымалдаушылардың бақылау-желілік қызметімен бірлесіп бағытқа шыққан жүргізушілердің ұялы телефонды пайдалануы, темекі тартуы және ЖЖЕ сақтауы бойынша мониторинг жүргізу тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар